Сайт бойынша іздеу
  • Басты бет
  • Экономика
  • ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ: ЖІӨ-НІҢ 1% – ДАН КЕМІ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚҰРАЙДЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ: ЖІӨ-НІҢ 1% – ДАН КЕМІ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚҰРАЙДЫ

Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті инновациялық экономиканы құру және дамыту Қазақстан үшін басымдықты міндеттердің бірі болып табылады. Алайда, инновациялар дамуының ағымдағы көрсеткіштері әлсіз динамиканы көрсетеді – соңғы 10 жылда ЖІӨ құрылымындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар үлесі 0,3% – дан 0,17% – ға дейін төмендеді, инновациялық патенттер саны үш жылда 478-ден 1 бірлікке дейін қысқарды. Дегенмен, инновациялық өндірістің көлемі тұрақты өсуді жалғастырып келеді– ЖІӨ-ге қатысты үлес салмағы бес жыл ішінде 1,46% – дан 1,98% – ға дейін өсті.

2000 жылдардағы экономикалық өсудің елеулі қарқынынан кейін (орта есеппен 9,7%-ға) өнімділіктің өсуінің төмендеуіне байланысты Қазақстан экономикасы қаржы дағдарысының басынан күрт баяулады. Оның ЖІӨ өсуінің жалпы қарқынына қосқан үлесі орта есеппен 6 пайыздық тармақты құрады. Алайда, 2010-2016 жылдар аралығында өнімділіктің орташа жылдық өсу қарқыны 2% – ға дейін төмендеді.

ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2018 жылға қарай мұнай секторының  ұлттық экономиканы дамытуға үлесін реттеу есебінен біртіндеп тұрақтанды. Нәтижесінде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,1%-ды құрады. Динамика өнеркәсіп өндірісінің, құрылыс пен қызмет көрсету саласының даму қарқынының жылдамдығынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығында және негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынынан туындады. Өндірілген ЖІӨ көлемінің 30,8% – ы өнеркәсіптік өндіріс есебінен және 17% – ы тау-кен өндіру секторынан қалыптасты.

Жаһандану жағдайында инновациялық саясат экономиканы әртараптандырудың маңызды факторы болып табылады, бұл инновациялық үлгідегі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға алып келеді. Инновациялық ортаны жақсарту үшін отандық инновацияларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жасалды.

Бастапқыда инновациялық дамудың нысаналы индикаторлары 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда көрсетілген. Одан кейін 2003 – 2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында, 2005 – 2015 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі бағдарламада, сондай-ақ 2019 жылға дейінгі ИИДМБ-да, «Сандық Қазақстан» бағдарламасында және басқа да бірқатар бағдарламаларда көзделген.

Инновациялық қызметтің дамуы іргелі және қолданбалы ғылымның ахуалымен және ғылыми-техникалық әзірлемелердің коммерциялық қажеттілігімен тікелей байланысты. 2018 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру 99,7 млрд теңгеге жетті, және де негізгі қаражат жеке сектор есебінен (73%) қалыптасты. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындарды 0,1% – ға арттырған кезде, ұзақ мерзімді перспективада ЖІӨ-нің өсуі 1,2%- ға жетуі мүмкін. Алайда Қазақстанда соңғы он жылда ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығынтардың үлес салмағы ЖІӨ-ге қатысты 0,3% – дан 0,17% – ға дейін төмендей отырып, төмен қарқынды көрсетіп отыр. Салыстыру үшін дамыған елдерде көрсеткіш 0,5% – дан 4,3% – ға дейін өзгереді.

2018 жылдың соңында Қазақстанда жалпы штаттық саны 22,4 мың қызметкер бар ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын 384 ұйым тіркелген. Қызметкерлердің негізгі санын зерттеушілер (17,5 мың адам) құрайды, олардың ішінде 1,7 мың ғылым докторы, 4,4 мың ғылым кандидаты және 0,9 мың PhD докторы бар.

Егер зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын инновациялық өнім патентпен қорғалмаса, инновациялық экономика тиімді дами алмайды. Қазақстанда соңғы бес жылда 2 680 инновациялық патент берілген. Патенттердің ең көп саны 2014 және 2015 жылдары – сәйкесінше 1093 және 1096 болды, алайда 2018 жылы тек қана 1 патент берілді.

2018 жылғы жағдай бойынша елімізде инновациялық қызметпен айналысатын 30,5 мың ұйым тіркелген, олардың 3,2 мыңы инновацияға ие. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 10,6%-ды құрады. Өңірлік тұрғыда инновациялық белсенділік Шығыс Қазақстан облысында (15,5%), Қарағанды облысында (14,7%) және Нұр-сұлтан қаласында (14,7%) басым.

Соңғы бес жылда елдегі азық-түлік және үдерістік инновацияларды қаржыландыру жеке қаржыландырудың күрт ұлғаюы есебінен 2015 жылы іс жүзінде 2 есеге өсті. Нәтижесінде 2018 жылы салым көлемі 856,5 млрд теңгеге жетті, бұл ретте қаражаттың 86% жеке сектормен, 11% шетелдік кәсіпорындармен және 3% мемлекетпен инвестицияланды.

2018 жылы өндірілген өнімнің көлемі 1 179,2 млрд теңгені құрады. Өндіріс құрылымында өңдеуші сектор (930,1 млрд теңге) және тау-кен өнеркәсібі (104,7 млрд теңге) басым. ЖІӨ-ге қатысты инновациялық өнімнің үлесі 1,98% – ды құрады.

Венчурлік капитал және тікелей инвестициялау индустриясын дамыту мемлекеттік инновациялық саясаттың басым бағыттарының бірі және экономика секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті шарты болып табылады. Қазақстанда стартап-жобаларды табысты іске қосу және іске асыру мақсатында AIFC Fintech Hub, Astana Hub, Tech Garden, QazTech Ventures сияқты қаржы институттары мен инновациялық технопарктер құрылды, олар қызметтің жоғары нәтижелерін көрсетіп отыр.

Мәселен, Astana Hub базасында 244 жобаны құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың ішінде бастысы мобильді қосымшаларды құру, цифрлық автоматтандыру және электрондық коммерция болып табылады. 2018 жылдың басынан бастап стартаптар шамамен 1 млрд теңге қаражатты тартты. TechGarden дербес кластерлік қоры 232 жобаны іске асыруда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша акселерациялық бағдарламан 69 жобаны іріктеп алды, олар бір жыл ішінде 550 млн теңге қаражат тауып, 250 жұмыс орнын құрды. QazTech Ventures гранттық бағдарламасы 2014 жылдан бастап 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 3,5 мың жұмыс орнын құрды, 11,5 млрд.теңге соасында салық төленді, 194,3 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді.

Соңғы үш жылда электрондық коммерцияның танымалдығы айтарлықтай өсті – бөлшек сауда көлемі 144,6 млрд теңгеге жетті (өсім 84%), ал көтерме сауда көлемі 114,9 млрд теңгені құрады (өсім 70%). Сонымен қатар, Интернет арқылы 136,1 млрд теңге сомаға қызметтер жүзеге асырылды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне сәйкес Қазақстан 2018 жылы әлемнің 140 елі арасында 59-орын алды (2017 жылы – 57). Бұл ретте инновациялардың даму деңгейі бойынша Қазақстан 87 позицияға (2017 жылы – 84) орналасты.

INSEAD Халықаралық бизнес мектебі, Корнелль университеті және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы өткізген Жаһандық инновациялық индекс рейтингісінде Қазақстан 2019 жылы әлемнің 129 елінің ішінен 79-орынды иеленді. Бұл ретте инновацияларды жүргізуге арналған ресурстар мен шарттар индексі бойынша Қазақстан 64 – орында, ал қол жеткізілген инновациялық нәтижелер бойынша 92-орында. Рейтинг 30-дан астам дереккөзге негізделген әлемнің түрлі елдері бойынша инновациялық даму көрсеткіштерінің барынша толық кешенін ұсынады. Инновацияларды енгізуге арналған шарттар мен  оларды енгізу нәтижелері бағалаудың негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Халықаралық агенттіктердің бағалауы бойынша Қазақстан инновацияларды дамытуға қажетті шарттарға, атап айтқанда адами ресурстарға, перспективалы жоғары оқу орындарына, мемлекеттік қолдау шараларына, өнеркәсіптік объектілердің болуына және т.б. ие.

 

Мақала авторы: Марсель Мухамбетов Мақалалар (194)