Сайт бойынша іздеу
  • Басты бет
  • Инвестициялар
  • БІРІНШІ АЙ ҮШІН БЖЗҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАБЫСЫ 19 МЛРД ТГ ҚҰРАДЫ— БҰРЫНҒЫ ЖЫЛҒА ҚАРАҒАНДА 40% АРТЫҚ
БІРІНШІ АЙ ҮШІН БЖЗҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАБЫСЫ 19 МЛРД ТГ ҚҰРАДЫ— БҰРЫНҒЫ ЖЫЛҒА ҚАРАҒАНДА 40% АРТЫҚ

БЖЗҚ зейнетақы активтері 2019 жылғы қаңтар айының аяғында 9,6 трлн тг жетті, өсім жылдан-жылға 22,8% жетті.Жылдың осыған ұқсас кезеңінде активтердің бұрынғы сомасы 7,8 трлн тг тең болды, жылды өсім 16,5%.

Тиісті кезең үшін активтердің ең үлкен өсімі 2016 жылы байқалды: 30,3%.

БЖЗҚ инвестициялық портфелінде ең үлкен үлесті МБҚ* алып отыр : 4,2 трлн тг, бір жыл ішінде 19,8% ұлғайған.

БҚ** ұйымдарындағы инвестициялар жылдан-жылға 22,3% өсіп, 2,8 трлн тг. болды.
Шет мемлекеттердің ГЦБ 12,6% жылдық өсіммен 1,2 трлн тг жетті .

Депозит салымдары мен басқа қаржылық құралдар тиісінше 862,4 млрд және 581,3 млрд тг жетті.

Ұлттық банк 2019 жылғы 4 ақпанда заң жобасын шығарды, оның мақсаты салымшыларға басқарушы компания таңдау құғығын беру; Ұжымдық инвестициялар нарығында бәскелес орта құру және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, ұйым тарапынан институцианалдық инвесторлардың бағалы қағаздарының отандық нарығына шығу мүмкіндіктері; мемлекеттің монополиясын кезеңмен төмендету және азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын басқарудың нарық жүйесін қалыптастыру.

* Мемлекеттік бағалы қағаздар.

** Бағалы қағаздар.

Ағымдағы жылдың қаңтар айы үшін БЖЗҚ инвестициялық кірісі 18,6 млрд тг — бұрынғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,4% көп (13,2 млрд тг).

Кірістің ең көп бөлігін құнды қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кірістер алады, соның ішінде «кері РЕПО» операциялары мен орналастырылған салымдары бойынша : 51,8 млрд тг, жылдан жылға 15,4% -ға өскен.

Сыртқы басқарудан түскен табыстар және басқа табыстар 0,3 млрд және сәйкесінше 1,7 млрд тг құрады.

2019 жылдың бірінші айы үшін шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығындар байқалады: −28,7 млрд тг (бір жыл бұрын −57,6 млрд тг), және нарықтық құнды қағаздарды қайта бағалаудан: −6,5 млрд тг (бір жыл бұрын – 28,4 млрд тг).

Мақала авторы: Марсель Мухамбетов Мақалалар (194)