Сайт бойынша іздеу
  • Басты бет
  • Экономика
  • Astana Finance Days 2022 аясында Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық өсімі талқыланды
Astana Finance Days 2022 аясында Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық өсімі талқыланды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында 27-29 маусымда тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсу мәселелеріне арналған Astana Finance Days 5-ші конференциясы өтіп жатыр. AFD-ның екінші күні өзгермелі геосаяси жағдайында COVID-19 пандемиясынан кейін жаһандық экономиканы қалпына келтіру жолдарын іздеуге арналған. Бірқатар конференция сессиясы Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық өсуіне арналды.

«Жаңа Қазақстан және макроэкономикалық болжам» капитал нарықтары форумында Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сөз сөйледі. Оның пікірінше, геосаяси тәуекелдер мен жоғары инфляция аясында Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді.

«Ағымдағы жылдың 5 айында ЖІӨ өсімі 4,6 пайызды құрады. Экономиканың нақты секторында тұрақты динамика, қызмет көрсету секторының өсу қарқыны, сондай-ақ экспорттың ұлғаюы байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 2,5%-ға өсті. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 107%-ға орындалды. Жалпы активтері 87 млрд АҚШ долларын құрайтын алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор түрінде қауіпсіздік жастығы жинақталды», - деді Е.Жамаубаев.

«Ең бастысы, бізде қалай әрекет ету керектігі туралы нақты түсінік бар, мұны алдыңғы дағдарыстар тәжірибесі көрсетеді. Үкіметтің, бизнес пен қаржы институттарының іс-әрекеттерінің бірізділігі», - дейді Қаржы министрлігінің басшысы.

Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жаңа Қазақстанның экономикалық саясаты әзірленуде. Оның негізгі бағыттары – мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын қысқарту, салаларды әртараптандыру және жаңғырту, қаржылық тұрақтылықты нығайту және адами капиталды, инновацияларды дамыту және т.б.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасының 2022 жылғы өсімі туралы оптимистік болжамдарын бөлісті. Наурыздағы болжамға жасалған түзетулер бойынша ЖІӨ өсімі 1,8%-дан 2,9%-ға дейінгі аралықта болады делінгеніне қарамастан, ҰЭМ жоғары экономикалық өсуді 3,4% деңгейінде болжайды.

«Бұл мүмкіндіктертің уақыты болады. Біз биыл тұрақты өсімді күтеміз», - деді Әлібек Қуантыров.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев форумға қатысушыларға отандық компаниялардың жекешелендіруге дайындығы туралы айтып берді. Олардың саны 105-тен 150-ге дейін ұлғайтылып, бұл тізім Үкіметке ұсынылды. IPO-ға жоғары дайындығын көрсеткен бірқатар қазақстандық компания күту режимінде. Мысалы, геосаяси жағдай AirAstana акцияларын орналастыруды тиімсіз етеді, ал QazaqAir әлі де нарықтың негізгі ойыншыларымен келіссөздер жүргізуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын бастапқы орналастыру биыл AIX және KASE сайттарында жүзеге асырылады. Бұл үшін «Самұрық-Қазына» мен ҚМГ жетекші қазақстандық инвестициялық банктерді тартты. Қор IPO-ны Қазақстанның барлық азаматына қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторлардың максималды санына жетуді жоспарлап отыр.

«4IR дәуіріндегі жаңа Қазақстан» FinTech форумы аясында спикерлер жаңа технологиялардың жаһандық трендтері туралы өз пікірлерін бөлісті, Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция құралдарын енгізудің қиындықтары мен тәсілдерін талқылады.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша басшысы Хусейн Озханның айтуынша, индустриалдық революцияның пайдасын экономиканы әртараптандыруға, инновацияларды ілгерілетуге және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға пайдалану керек. Бұл бағыттар ЕҚДБ-ның Қазақстанға арналған бес жылдық стратегиясына енгізілген.

2021 жылдан бастап АХҚО алаңында Дүниежүзілік экономикалық форумның 4PR еншілес орталығы жұмыс істейді. Әлемде мұндай орталықтар небәрі он төрт, ал Қазақстан ЕАЭО кеңістігінде бірінші болып табылады. 4PR орталықтарының жаһандық желісіне қосылу арқылы Қазақстан түрлі технологиялық салаларда: жасанды интеллект, блокчейн, деректер саясаты және т.б. реттеушілер, компаниялар мен сарапшылардың дүниежүзілік желісіне қол жеткізді. Жаңа технологияларды енгізу Қазақстан экономикасын әртараптандыруға көмектеседі, бұл Жаңа Қазақстан үшін басты стратегиялық басымдық болып табылады.

АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов еліміздің бүкіл әлем бойынша жаңа технологиялық шешімдерді зерттеп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта NASDAQ ірі биржасы бұлттық шешімдерді енгізуде, ал қаржы орталығы нарықты құру үшін серіктес ретінде таңдалды.

NASDAQ Inc. басқарма төрағасының орынбасары Мейер Сэнди Фрухер «Астана» халықаралық қаржы орталығымен озық технологиялар мен коммерция саласындағы бірлескен жұмыс туралы айтты.

«Осы ынтымақтастықтың арқасында АХҚО бүкіл әлем алдында Қазақстанға деген көзқарасты өзгертуде», - деді ол.

Мақала авторы: finreview.kz Мақалалар (11)