- Басты бет
- Инвестициялар
- 2021 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ AIX БИРЖАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ШОЛУ
Соңғы сегіз айда AIX биржасындағы сауда-саттық көлемі 3,5 есе ұлғайды.
AIX сауда-саттық көлемі
AIX сауда-саттықтың жалпы көлемі 2021 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 32,9% – ға төмендеп, 12 095 605,8 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, AIX биржасындағы белсенділік өсуін жалғастыруда – соңғы сегіз айда сауда-саттық көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі сауда-саттық көлеміне қатысты 3,5 есе ұлғайды.
Эмитенттер, брокерлер, шоттар
2021 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша AIX ресми тізіміне 65 түрлі эмитенттердің 103 бағалы қағаз шығарылымы, оның ішінде 2 ETF (Exchange traded funds) және 12 ETN (Exchange traded notes) кірді. АХҚО биржасының сауда мүшелері 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокерлер болып табылады. АХҚО биржасының орталық депозитарийінде инвесторлардың 141 мыңнан астам шоты ашылды.
Шілдеде BI Group еншілес компаниясы «Мегастрой» ЖШС 6,3 млрд теңге сомаға облигацияларды сәтті орналастырды, олар 20 млрд теңге сомаға борыштық құралдар бағдарламасы шеңберіндегі бірінші транш болып табылады. Құрылыс секторының тағы бір өкілі «Проект ЭНС» ЖШС борыштық құралдарды – 3,7 млн АҚШ долларына долларлық облигацияларды және 350 млн теңгеге теңгелік облигацияларды шығарды.
Тамыз айының соңында АХҚО биржасында үлестік құралдар листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Полиметалл, Халық Банк, Ferro-Alloy Resources Limited, Банк ЦентрКредит, Kaspi.kz, Kcell), 44 млрд АҚШ долларынан асты.
AIXQI индексі
Ағымдағы жылы 1 шілдеде AIX Qazaq Index (AIXQI) іске қосылды, ол бизнесі Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейді және нарықтық капиталдандыру бойынша мөлшерленген индексті білдіреді. Индекс құрамына AIX, KASE және LSE-де саудаланатын сегіз қазақстандық компанияның акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары кірді.
1000 пункт белгісінен бастап, AIXQI дебюттік айды 993.93 пункт белгісінде аяқтап, шілде айының қорытындысы бойынша 0,61%-ға аздап төмендегенін көрсетті. Тамыз айында AIXQI индексі шілде айындағы төмендеуді жеңіп, айды 1034.42 пункт деңгейінде аяқтады, өсім 4,07%-ды құрады. Индекстің 8 компаниясының 6-ы тамыз айын өсіммен аяқтады, оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында күшті есептілікті жариялау аясында банк секторы компанияларының – ЦентрКредит Банкі мен Халық банктің акциялары үздік динамиканы көрсетті, олардың өсуі тиісінше 14,74% және 13,25% – ды құрады. Сондай – ақ, Қазақтелекомның акциялары айтарлықтай өсім көрсетті-12,75%-ға. Қазатомөнеркәсіп акциялары 7,99%-ға өсті, уран өндіруші ұлттық компания 2021 жылдың 6 айында салыстырмалы түрде күшті қаржылық нәтижелер жариялады, сондай-ақ акционерлерге 2020 жылға дивиденд ретінде 150 млрд теңгеден астам төлеу туралы хабарлады. Central Asia Metal (+0,91%) және Kaspi (+0,68%) акцияларының құны аздап өзгерді. Теріс аймақта 2 компания болды – сәйкесінше 5,73% және 7,89% төмендеген ҚазТрансОйл және Полиметалл.
(Шолу ақпараттық сипатқа ие және инвестициялық ұсыныс болып табылмайды)