Ағымдағы жылдың қаңтар айында сақтандыру компаниялары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру сегментінде 5,3 млрд тг мөлшерінде сыйақыларды жинады — былтырғы мерзіммен салыстырғанда 32,3% көп.
Жиналған сыйақылардың көлемі жөнінен бірінші орында «Евразия» — 1,1 млрд тг (жылдық өсім бірден 90,3%), «НОМАД Иншуранс» — 917,8 млн тг (+74,1%) және «Халық» СК — 814,9 млн тг (жылдық өсім 2,6 есе көп).
Сақтандырылған көлік құралдарының иелері автомобильді пайдалану кезінде үшінші тараптарға немесе олардың мүлкіне келтірген залал үшін сақтандыру төлемдері қаңтар айында 2,1 млрд теңгеге жетті — былтырғы мерзімнен 11,7% көп. Ең көп төлегендер: «Евразия» — 376,4 млн тг (жыл ішінде +92,3%), «Халық» СК — 305,4 млн тг (жыл ішінде 2,4 есе көп) және «Коммеск-Өмiр» — 235,7 млн тг (жыл бойына +92,6%).
Міндетті сақтандырумен бірге, көлік иелері залал шеккендердің өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілуі себебінен орын алуы мүмкін міндеттемелер бойынша азаматтық жауаптылықты ерікті сақтандыру ісіне де қаражат жұмсады. АҚЖ ерікті сақтандыру ісі сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда сақтандыру лимитін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Дегенмен осы сегментте бірінші айда келіп түскен сақтандыру сыйақыларының мөлшері былтырғы мерзімімен салыстырғанда 26,4%-ке, 110,7 млн теңгеге дейін азайды. Сыйақыларды ең көп жинағандар — «Евразия», «Коммеск-Өмiр» және Amanat insurance.
Сегменттегі сақтандыру төлемдері жыл ішінде 2,2 есеге, 12,6 млн теңгеге дейін ұлғайды. Төлемдердің ең көп мөлшері «Евразия», «ТрансОйл», «Коммеск-Өмiр» сақтандыру компанияларының еншісінде.
Автокөліктерді ерікті сақтандыру сегментінде компаниялар жинаған сақтандыру сыйақыларының мөлшері 38,3%-ке, 2,1 млрд теңгеге артты. Сақтандыру сыйақыларын жинауда бәрінен көш ілгері — «Евразия», «Kaspi Страхование» және «Халық» СК.
Сегментте сақтандыру оқиғалары бойынша төлемдердің мөлшері де өсті: 13,7%-ке, 569,3 млн тг дейін. Ең көп мөлшерлер «Kaspi Страхование», «Халық» СК және «Коммеск-Өмiр» еншісінде.
Соңғы жылдары жол-көлік апаттарының саны тұрақты түрде азайып отыр.
ЖКА кезіндегі өлім мен жарақаттанулардың саны да қысқаруда. ЖКА-ның мөлшері жағынан ең қиын деген 2013-жылы апаттарда 3 мыңнан астам адам қаза болды, 29,9 мың адам жарақаттанды. 2017-жылы өлім саны 2,1 мыңға дейін, жарақаттанғандар саны — 22,3 мыңға дейін азайды.