Интернет, роботтандыру және технологияның белсенді дамуы дәуірінде білім туралы дәстүрлі түсініктер өзгерді. Олардың орнын жаңа ұрпақтың қалыптасуының көрінісі болып табылатын EdTech шешімдері басты. Ол қарқындылығымен және тез үйрену қабілетімен ерекшеленетін заманауи әлемнің сын-қатерлеріне төзетін мамандарды дайындауға арналған.
Технологияның дамуы мен мамандықтардың өмірлік циклінің қысқаруы білім берудің классикалық моделінің, яғни мектептен университетке дейінгі білім берудің ескіруіне әкелді. Осыдан шамамен 10-20 жыл бұрын мамандық алған соң, мансапты жоспарлауға және алдағы жылдарда онда ештеңе өзгермейтініне сенімді болу мүмкін болса, бүгінде мұндай жағдай іс жүзінде мүмкін емес. Тіпті бүтін мамандықтар өткеннің еншісіне айналып бара жатыр, әрі мамандықтардың құрылымы да жылдам қарқынмен өзгеруде. Сондықтан оқу диплом алумен ғана аяқталмайды, үздіксіз білім алу үлгісі заман талабына айналып келеді.
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай дамып жатқанын және цифрландыру бұл саланы қаншалықты өзгерткенін finreview.kz сарапшылары зерттеді.
Білім беру экономикалық өсуге қалай әсер етеді
Адам капиталы қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Дүниежүзілік банктің бағалауынша адам капиталының ел экономикасының өсуіне әсер ету дәрежесі шамамен 55%-ды құрайды.
Адами капиталды дамытудың ең маңызды факторы тұрақты экономикалық өсуде басты рөл атқаратын білім болып табылады. Әдетте елдегі білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның экономикасы соғұрлым жақсы дамып, жұмыссыздық азайып, өмір сүру ұзақтығы артады. Дегенмен бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлі де айтарлықтай артта қалды – мемлекеттер арасында білім беру жүйесінің сапасы бойынша өткен жылғы рейтингте Қазақстан әлемнің 93 елінің ішінен тек 62-орынға ие болды.
Әрине елдің көрсеткіші әлі төмен, бірақ ол осы саланың одан әрі дамуына бағдар бола алады. Мысалы рейтинг әртүрлі әлемдік индекстерге енгізілген жоғары оқу орындарының санын ескереді. Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде – 2022 жылы 16 қазақстандық университет Quacquarelli Symonds World University Rankings беделді халықаралық академиялық индексіне енді. Төрт жыл бұрын бұл көрсеткішке небәрі 8 отандық жоғары оқу орны кірген болатын.
Соған қарамастан, Қазақстанда 122 жоғары оқу орны бар, яғни жоғары оқу орындарының 13%-ы ғана сапалы білім беру қызметін көрсетеді. Жағдайды жақсарту үшін елімізде әлсіз оқу орындарын жүйелі түрде қысқарту және білім беру инфрақұрылымын нығайту арқылы білім сапасын арттыру қолға алынды. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 3 қазақстандық университет бірден әлемнің ТОП-200 оқу орнына кіреді деп күтілуде. Қазіргі уақытта бұл топқа бір ғана университет кіреді – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Әрине мұндай ауқымды мақсатқа жету үшін мемлекетке қомақты инвестиция қажет. Олардың көлемі қазірдің өзінде анықталды – бұл Үкіметтің 2025 жылға дейін білім беру жүйесін дамытуға бағыттайтын негізгі капиталға салынған 4,8 триллион теңге сомасындағы инвестиция. Дәл осы сома «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында көрсетілген.
Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі үш мәселесі
Біріншіден, бұл тәжірибеге бағытталған тәсілге көшу. Қазір жоғары оқу орындарынан бөлек, кадр даярлауды технологиялық корпорациялардың өздері де жүргізеді. Олар тәжірибесі кең ұқыпты білім базасының арқасында классикалық университеттерге қарағанда көбірек адамдарды тарта алады. Сондықтан отандық ЖОО-лар ірі компаниялардың жинақтаған тәжірибелерін пайдалана отырып, тәжірибелік-бағдарланған кадрлар даярлауға көшуі қажет.
Екіншіден, білімнің қолжетімділігі. Дүние жүзінде 8 миллиард адамның 350-400 миллионнан аспайтыны ЖОО-на қол жеткізе алады. Технология алпауыттарының талантты мамандарды тәрбиелеу үшін жарысқа түсуінің себебі де осы. Бұрын білім алу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, корпорациялар мамандарды жеткіліксіз қабылдап, қабілетті, бірақ білім алуға мүмкіндігі жоқ жас таланттарды назардан тыс қалдырған.
Үшіншіден, еңбек нарығы тым жылдам өзгеруде. Бұл өзгерістердің жылдам әрі түбегейлі болып жатқаны сонша, классикалық білім беру жүйесі жаңа шындыққа ілесе алмай жатыр.
Білім беру мәселесін шешудің бір жолы – оны цифрландыру
Білім беруде цифрлық құралдарды пайдалану – дүниежүзілік құбылыс. Құбылыстың ауқымы білім берудің цифрлық технологиялары нарығының көлемімен де дәлелденеді – қазіргі уақытта жаһандық EdTech нарығы 254,8 миллиард АҚШ долларына бағаланады және бес жылдан кейін 605,4 миллиард АҚШ долларына секіру күтілуде, бұны G7 деңгейіндегі елдің бюджетімен салыстыруға болады.
Қазақстанда онлайн білім беру нарығы салыстырмалы түрде жас және айтарлықтай өсу перспективаларына ие. Қазір еліміздің 19 миллион тұрғынының 15 миллионнан астамы, яғни 80%-ға жуығы интернетті пайдаланушылар. Цифрлық білім беруді дамытудың ел экономикасына болжамды әсері ЖІӨ өсімінің шамамен 1,5%-ын құрайды. Сондықтан Қазақстан жаһандық үрдістерге ілесіп, білім берудің цифрлық технологиялары нарығын белсенді дамытуда.
Оның дамуының арқасында қазақстандықтар қазір елден шықпай-ақ әлемнің жетекші университеттерінен шетелдік білім алу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы Swiss International Institute Lausanne (SIIL) институтына онлайн тіркелу арқылы Швейцарияның дипломын алуға болады. Мұнда сіз бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқи аласыз, сонымен қатар жоба менеджері немесе бизнесті басқару бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі сияқты танымал бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуге болады. Оқуға түсу үшін тек бұрынғы білімі туралы диплом қажет, яғни қабылдау емтихандарын тапсырудың немесе ҰБТ нәтижелерін ұсынудың қажеті жоқ. Бұл швейцариялық білім алуды әлемнің кез келген жерінен барлығына қолжетімді етеді.
SIIL институтының тағы бір сөзсіз артықшылығы – оқыту студенттің ана тілінде өтеді. Бірақ Қазақстан үшін әзірге тек орыс тілінде білім алуға болады. Қазақтілді білім беру түрі әзірлену үстінде және жақын арада қолжетімді болады.
Қашықтықтан оқытатын шетелдік университеттің тағы бір мысалы – Американың Boston University университеті. Мұнда сіз бакалавриат, магистратура және тіпті докторантура бағдарламаларын оқи аласыз. Сонымен қатар университет дипломдық және кәсіби сертификаттау курстарында оқуға мүмкіндік береді.
Біздің таңдауымыздағы соңғы университет – Technical University of Kaiserslautern неміс университеті. Ол оқыту мен зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейімен ғана емес, ағылшын немесе неміс тілдерінде онлайн оқу мүмкіндіктерімен де танымал. Мұнда жұмыс істейтін онлайн кампус үш негізгі бағыт бойынша толық қашықтықтан оқыту бағдарламаларын ұсынады: ғылым және технология, әлеуметтік ғылымдар, менеджмент және құқық. Университет техникалық білім беруге арналғандықтан, студенттер арасында әсіресе инженерия, компьютер ғылымдары, бағдарламалық жасақтама әзірлеу, нанобиотехнология және техноэтика салаларындағы онлайн бағдарламалар танымал.
Қазақстандықтар оқу орындарынан бөлек, біліктілікті арттыру курстары арқылы өз дағдылары мен құзіреттерін жақсарта алады. Мұндай курстарды ұсынатын оқу орталықтары өте көп. Бірақ сіз үлкен кәсіби тәжірибесі бар беделді мұғалімдерден жаңа білім алғыңыз келсе, біз сізге Астана халықаралық қаржы орталығының (BCPD) үздіксіз кәсіби даму бюросына хабарласуға кеңес береміз. BCPD онлайн форматта білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Мұнда Alpharabius, University of the Future, Qwant және Academy of Law сынды білім беру жобалары жүзеге асырылды. Осы платформалар арқылы сіз қаржы, инвестицияны басқару салаларынан бастап IT бағыттары мен заң ғылымына дейін нарықта сұранысқа ие әр түрлі салалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өте аласыз.