Сайт бойынша іздеу
ҚАШЫҚТАҒЫ АҒЫЛШЫН СОТ ТӨРЕЛІГІ

Сот және АХҚО Халықаралық төрелік орталығы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Дауларды онлайн форматта шешу үшін АХҚО eJustice электрондық сот төрелігі жүйесі іске қосылды.

Шектеу шаралары, коронавирусқа байланысты жабық шекаралар және сот ісін ұйымдастыру үшін жоғары алымдар – мұның бәрі бизнес үшін дауларды шешуге шетелдік аралық соттарды таңдауды қиындатады. Кәсіпкерлер мен инвесторлар өз кезегінде сапалы баламаларға қол жеткізуге мүдделі. Осыған орай, Англия мен Уэльстің нормалары мен қағидаттарына негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясы құқық үстемдігі институты ретінде күн санап сұранысқа ие болып келеді.

Оқырмандарды Сот пен АХҚО Халықаралық төрелік орталығының қызметімен таныстыруды жалғастыра отырып, finreview.kz сарапшылары пандемия кезінде қаржы орталығында сот төрелігі қалай жүргізілетінін зерттеп, бірнеше негізгі ерекшелікті айқындады.

Біріншіден, АХҚО-дағы онлайн сот төрелігі пандемиядан бұрын да қолжетімді болды

Соңғы жылдары Орталық Азия тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты өсу қарқынын көрсетті және инвестиция ағынының жаһандық төмендеуіне қарамастан, ол халықаралық капитал үшін жаңа шекараға айналуы мүмкін. Дегенмен, бизнесмендер мен инвесторлар үшін сапалы сот төрелігіне қолжетімділік мәселесі өзекті болып қала береді. Сондықтан аймақтың инвестициялық хабы болып табылатын АХҚО толық функционалдығын сақтай отырып, Сот пен Халықаралық төрелік орталығының онлайн қызметтерін көрсету тетіктерін әзірледі.

Демек, іс жүзінде бұл Орталық Азиядан ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен кез келген тұлға немесе заңды тұлға сонау 2019 жылы әзірленген eJustice жүйесі арқылы сот қызметтерін пайдалана алады дегенді білдіреді. Істерді қарау процесі іс жүзінде өзгерген жоқ – сот істерін халықаралық сот жұмысын жүргізу мен ағылшындық жалпы құқық жүйесі бойынша тәжірибесі бар британиялық судьялар, арбитрлер мен медиаторлар жүргізеді.

Екіншіден, АХҚО-да дауларды шешу тегін

2021 жылдың соңына дейін сот және төрелік алымдарға мораторий бар. Яғни, арыз беру, іс тыңдауды басқару және өткізу үшін төлемақы алынбайды. Тараптар әдеттегі тәртіп бойынша тек жалдаған адвокаттарының жұмысына ақы төлейді.

Бұл ереже 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған, әрі дауларды шешу Сотта немесе АХҚО Халықаралық төрелік орталығында жүзеге асырылады деген міндетті ескертпесі бар кез келген келісімшарттар үшін қолданылады. Осындай коммерциялық келісімшарттардың саны қазірдің өзінде 5 мыңнан асты, соның ішінде қазақстандық ірі энергетикалық корпорацияларының –  Chevron және «Теңізшевройл» ЖШС кеңселері бар.

Сондай-ақ, тараптар өзара келісімімен АХҚО-да істі қараудың сот қызметтерін тегін ала алады.

Бұл, ең алдымен, әлеуетті инвесторларға қаржы орталығында салынған сот жүйесінің халықаралық стандарттарға сай екенін, заң үстемдігін қамтамасыз ететінін және олардың сеніміне лайық екенін дәлелдеу мақсатында жасалып отыр.

Сотта және АХҚО Халықаралық төрелік орталығында дауларды шешу тек қаржы орталығының органдары, қатысушылары мен қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар, тіпті Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан компаниялар немесе жеке тұлғалар үшін де қолжетімді. Бұл үшін екі ғана шарт бар. Біріншіден, дауды шешу үшін қаржы орталығының органдарын пайдалану туралы екіжақты келісім қажет. Екіншіден, дау қылмыстық немесе әкімшілік емес, коммерциялық немесе азаматтық сипатта болуы керек.

Төртіншіден, сот үкімдерін орындаудың кең географиясы

АХҚО Сотының шешімдері Қазақстанда және біздің еліміздің осындай келісімдері бар басқа елдерде міндетті болып табылады. Олардың ішінде, мысалы, Ресей және басқа да ТМД елдері. Төрелік шешімдер, өз кезегінде, 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес бүкіл дүние жүзінде дерлік орындалуға жатады.

Бесіншіден, АХҚО сот ісін жүргізу негіздерін түсіну үшін оқыту бағдарламалары жұмыс істейді

Сот және АХҚО Халықаралық төрелік орталығы адвокаттарға сапалы құқықтық білім беруді қолдайды. Ол үшін білім беру бағдарламаларының тұтас кешені ұйымдастырылды. Олардың қатарында АХҚО Сотының судьялары мемлекеттік және коммерциялық серіктестермен бірлесіп беретін құқықтық мәселелер, дауларды шешу және жалпы құқық бойынша дәрістер, судьялар мен арбитрлердің қатысуымен өтетін түрлі вебинарлар, халықаралық онлайн конференциялардағы баяндамалар бар. Мысалы, IACOnlineCentralAsiaVis-ArbitrationMoot студенттері арасындағы бірінші арбитраж ойыны 2021 жылдың ақпан айында өтті және он жеті елдің командаларын қамтыды.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының барлығы тәжірибелі заңгерлер мен судьяларға ғана бейімделмеген. Ағылшынның жалпы құқық негіздеріне арналған бағдарламалар бар, олар бәріне жарамды, өйткені Қазақстан үшін Англия және Уэльс институты жаңа құбылыс болып саналады. Бұған АХҚО юрисдикциясы және оның қолданыстағы заңнамасы туралы көбірек білуге көмектесу мақсатында әзірленген AIFC Law App қосымшасы кіреді. Қосымша АХҚО актілерін зерделеуге, қысқаша оқыту бейнематериалдарын көруге, тестілеуден өтуге, соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болуға, АХҚО актілерінің жобалары бойынша пікір қалдыруға, талап етілген қажеттіліктер мен бюджетке сәйкес келетін дұрыс заң фирмасын анықтауға мүмкіндік береді.

Мақала авторы: Марсель Мухамбетов Мақалалар (194)