Сайт бойынша іздеу
  • Басты бет
  • Экономика
  • «МИЛЛИАРД ТЕҢГЕЛІК ІС»: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ АХҚО СОТЫНДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
«МИЛЛИАРД ТЕҢГЕЛІК ІС»: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ АХҚО СОТЫНДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Мемлекеттік орган 1,3 миллиард теңгеден астам сомада борыш пен тұрақсыздық айыбын өтеуге міндетті.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірінші инстанциялы соты 16-шы қарашада талапкер – CengizInsaatSaniveTicaret A.S. түрік компаниясының пайдасына шешім шығарды. Бұл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне қатысты сот ісін жүргізудің үшінші және соңғы кезеңі болды.

Дау Автомобиль жолдары комитетінің 2010 жылы жүргізген Ақтөбе-Мәртүк тас жолын қайта жаңғыртуды қаржыландыру бойынша орындалмаған міндеттемелері төңірегінде болды.

Бастапқыда іс АХҚО халықаралық арбитраж орталығында қаралды. Сол кезеңде төреші Илья Рачковтың шешімімен CengizInsaatSanaiveTicaret A.S. компаниясының талаптары қанағаттандырылды.

Талапкер арбитраждық шешімді сот тәртібімен бекіту үшін АХҚО бірінші инстанциялы сотына жүгінді. Британиялық төреші сэр Джек Битсон да арызданушының талаптарын қолдап, төлемдердің дүйсенбі 18-ші қазан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-ден кешіктірмей жүзеге асырылуын жүктеді. Автомобиль жолдары комитеті келісімшарт бойынша 281,3 млн. теңге сомасындағы негізгі борышты, 171 млн. теңге сомасындағы қаржылық шығындарды және 20 мың АҚШ долл. сомасындағы арбитраждық шығындарды өтеуге міндеттелді.

Дегенмен, Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері мұнымен тоқтамауды ұйғарып, апелляцияға берді. Егер іс төрелік пен бірінші инстанциялы сотта қашықтан қаралған болса, енді олар өз мүдделерін сот залында қорғауға мәжбүр болды. Мәжіліс ашық форматта өтті және оған төреші сэр Руперт Джексон төрағалық етті. Алайда, мемлекеттік орган бұл кезеңде жеңіліп қалды. Автомобиль жолдары комитеті келісімшарт бойынша 794,8 млн.теңге сомасындағы негізгі борышты және арбитраждық шығындарды қосқанда 540,3 млн.теңге сомасындағы қаржылық шығындарды өтеуге міндеттелді.

АХҚО сотында шешімдердің тиімді орындалуын қамтамасыз ететін арнайы механизм бар – қазіргі уақыттағы статистикаға сәйкес барлық сот және арбитраж шешімдері 100% орындалды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік орган әйтсе де өз міндеттерін орындауына тура келеді.

АХҚО сотының шешімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

 

Мақала авторы: Марсель Мухамбетов Мақалалар (194)