Сайт бойынша іздеу
ӘЛЕМДІК ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ 27%-Ы АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫН ҚОЛДАНАДЫ

Орталық Азия – елеулі инвестициялық әлеуеті бар бай аймақ. Алайда, халықаралық инвестицияларды тарту белгілі бір жағдайлар жасауды талап етеді. Бұл жағдайлардың бірі – заң үстемдігі мен кепілдендірілген құқықтық қорғаныс.

Төртінші жыл қатарынан «Астана» халықаралық қаржы орталығында Англия мен Уэльстің құқық нормалары мен процессуалдық ережелері негізінде жұмыс істейтін Сот пен Халықаралық төрелік орталығы қызмет жасайды.

Олардың ерекшелігі неде және олар елге калай әсер етеді? Осы сұрақтарды  finreview.kz сарапшылары талдады.

Заң үстемдігі – экономикалық дамудың негізі

Инвестициялар кез келген мемлекеттің ішкі экономикалық жағдайының дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Капиталды тартудан басқа, олар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жаңа технологиялар мен білімнің көмегімен өндірістік қуаттылықты нығайтуға, халықаралық жеткізу тізбектері шеңберінде өткізу нарығын кеңейтеді және бизнес-процестерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Олардың ел экономикасына қосатын үлесі ұзақ мерзімділігімен және ТШИ мен экспорттық жеткізілімдердің 10%-ға ұлғаюы ЖІӨ-нің 9%-ға өсуін қамтамасыз етуімен сипатталады, бұл жеткілікті жоғары көрсеткіш болып табылады.

Дегенмен, халықаралық инвестиция тарту үшін белгілі бір жағдайдар жасау қажет. Мысалы, инвесторлар үшін ықтимал дауларды әділ шешетін тәуелсіз және білікті судьялар мен арбитрлердің қолжетімді болуы ерекше маңызды, сол себепті заң үстемдігі елдің экономикалық даму деңгейімен салыстырылады. Тіпті, заң алдындағы теңдік пен кепілдендірілген құқықтық қорғаныс экономиканың негізі болып табылатынын атап өтуге болады.

АХҚО құқықтық жүйе мәселесінде экономикалық даму құралы ретінде ерекше маңызға ие.

АХҚО – Нью-Йорк пен Лондоннан Дубайға, Гонконг пен Сингапурға дейінгі халықаралық қаржы орталықтарының үздік тәжірибелері мен заманауи мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей алаң. Мұнда әділ сот пен арбитраждың арнайы жүйесі құрылды.

Ол үшін 2017 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Олардың мәні мен негізі – АХҚО-ның оқшауланған құқықтық жүйесі және ерекше құқықтық мәртебесі мен айрықша құзыреттілігі бар сот. Ағылшын құқығына негізделген жеке юрисдикция біздің еліміз үшін бірегей құбылыс, бірақ әлем үшін емес. Әлемдегі 320 юрисдикцияның 27%-ы ағылшын құқығын өз аумағында қолданады. Қазір АХҚО бұл тізімде.

Ағылшын құқығына негізделген жеке юрисдикцияның қажеттілігі неде?

Жалпы ол инвесторлар үшін сот ісін жүргізу тәртібін нақты түсінуін және құқық қолдану тәжірибесінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл англо-саксондық жүйенің өнегелік құқығы болып табылатындығымен, яғни әрбір істі қарау жағдайында жеке тәсіл қолданылатындығымен байланысты.

Ал енді, ағылшын құқығының негізгі артықшылықтары туралы ретімен айтып өтсек.

Біріншіден, ағылшын құқығы бойынша келісімшартта бәрі мүмкіндігінше анық жазылады және мұндай келісімшартта тікелей жазылмаған құқықтық нормаларға сілтемелер минималды. Ал континенттік құқықта заңның көптеген ережелері келісімшартта көрсетілмесе де, «әдепкі бойынша» қосымша қолданылатын болады. Бұл, өз кезегінде, келісімшарт жасау процесін қиындатады, себебі инвесторға заңнамалық нормаларды терең түсінуге тура келеді.

Екіншіден, ағылшын құқығы бойынша келісімшарттарға қол қою кезіндегі құқықтық мәселелер жеткілікті деңгейде стандартты болып табылады және жиі талқылауды қажет етпейді. Осының арқасында мұндай келісімшарттар бойынша келіссөздер процестері оңтайландырылған. Келісімшарт тараптарының келіссөздер процесіне адвокаттардың қатысуы да азайып келеді.

Үшіншіден, ағылшын құқығы бойынша келісімшарт ережелерін түсіндіру әдетте сұрақ тудырмайды. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибенің арқасында. Кез келген сұрақтың жауабын ресми түсініктемелер мен сот прецеденттеріннің көмегімен табуға болады.

Төртіншіден, сот пен арбитраждың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Инвесторлар істі қарау кезінде ұсынылған барлық дәлелдердің ескерілетініне сенімді бола алады.

Сондықтан АХҚО юрисдикциясында ағылшын құқығының қолданылуы инвесторлардың қаржы орталығына деген сенімін тудырады.

Қазақстанда АХҚО соты 8 судья мен тіркеушіден тұрады. Олардың барлығы Англия мен Уэльс адвокаттар алқасының мүшелері болып табылады, апелляциялық және Жоғарғы Сот судьялары ретінде қызмет атқарған, халықаралық сот ісінде, арбитражда және делдалдықта тәжірибе алған.

АХҚО сотының теңдессіз өз ережелері мен регламенті бар. Олар Англия мен Уэльс заңының ережелері мен принциптеріне негізделген, бірақ бұл қарапайым қайта басып шығару емес. Ағылшын заңдары негізге алынды, бірақ ережелердің өзі басқа қаржы орталықтарындағы ұқсас соттардың тәжірибесін ескере отырып әзірленді.

АХҚО соты екі сатыдан тұрады: бірінші саты соты және апелляциялық сот. Бұл ретте, бірінші саты деңгейінде қуыным сомасына сәйкес бөліну бар. 150 мың АҚШ долларына дейінгі даулар бойынша жеңілдетілген рәсімдерді қолданатын шағын соттар деп аталатын сот бар.

Сонымен қатар, АХҚО-ның сот жүйесі қазіргі заманғы сот ісін жүргізумен ғана емес, сонымен қатар, Халықаралық төрелік орталықпен де ұсынылған. Шындығында, коммерциялық саладағы көптеген даулар нақ арбитраж және делдалдық арқылы шешіледі.

Халықаралық төрелік орталығының жұмысына 41 арбитр жұмылдырылған, олардың 25-і делдал ретінде де жұмыс атқара алады. Олардың арасында Еуропалық Одақ елдерінің, Гонконг, Жапония, Үндістан, Ресей, Сингапур, Ұлыбритания, Украина, АҚШ пен Қытайдың өкілдері, сондай-ақ отандық сарапшылар бар.

Сот пен АХҚО Халықаралық төрелік орталығы 765 істі қарады

Дауды медиация тәртібімен реттеу – кәсіпкерлер үшін ең танымал әдіс. Мұнда 669 келісім қаралды, 79 шешім арбитражда, 17 шешім Сотта қабылданды.

Сотта және АХҚО Халықаралық төрелік орталығында дауларды шешуге тек органдар мен қаржы орталығының қатысушылары ғана қатыспайды. Ол үшін жасалған келісімшартта ескертпенің болуы жеткілікті. Мұндай келісімшарттардың саны қазірдің өзінде 5 мың бірліктен асады. Оған қоса, процесті ұйымдастырудың өзі ақысыз – бұл АХҚО сот жүйесінің шетелдік әріптестерінен басты артықшылықтарының бірі.

Сондай-ақ, дауларды шешу екі жақ келіскен жағдайда АХҚО-ның Сотында немесе Төрелік орталығында жүзеге асуы мүмкін.

Қаржы орталығы сот жүйесінің тағы бір артықшылығы – шешімдердің орындалуы. АХҚО Сотының шешімдері Қазақстанда және біздің еліміздің осындай келісімдері бар басқа елдерде міндетті болып табылады. Олардың ішінде, мысалы, Ресей мен ТМД-ның басқа да елдері. Арбитраждық шешімдер, өз кезегінде, 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес бүкіл әлемде дерлік орындалуы тиіс.

Сондай-ақ, Сотта және АХҚО Төрелік орталығында іс қарау ережелері өзгеше екенін ескеру қажет. Сотта қуыным беру де, қарау кестесі де, судьяны таңдау да қатаң реттеледі. Арбитражда өзгеше, әлемдік тәжірибеге сәйкес: тараптардың өздері арбитраждың жеке ережелерін әзірлей алады, бірігіп арбитрлерді және іс қарау ережелерін де таңдайды.

Мақала авторы: Марсель Мухамбетов Мақалалар (194)